Өлеңдер ✍️

  16.07.2026
  6


Автор: Иран-Ғайып

Қажалып зілден тақымы

Қажалып зілден тақымы
Белі құнысқан сұраумын.
Болар ма кеніш ақыры
Жазықсыз еңіреп жылаудың?!
Тыныс-демімді тұмшалап,
Тауқыметі тартып тереңге –
Күлбілтеленіп күн санап,
Зарығып зарлай берем бе?!
Көрер ме көңіл наласы –
Көзімнің жасын бұ құдай?!
Ол дағы Адам баласы –
Атып өлтірген сұмырай!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу