Өлеңдер ✍️

  16.07.2026
  6


Автор: Иран-Ғайып

Бересіңді – бердің

Бересіңді – бердің,
Аласыңды – алдың.
Құл екенімді көрдің,
Құдай қалпыңда қалдың.
Құдірет-Күшің хақтанып,
Басыма қайғы салды:
Қарынымды ақтарып,
Жүрегімді жарды...
Неге маған келгенде
Төреліксіз төтенсің?!
Күйдемін құр шерменде –
Енді, не етер екенсің!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу