Өлеңдер ✍️

  16.07.2026
  12


Автор: Иран-Ғайып

Табиғатымның киесі

Табиғатымның киесі –
Қыр-арқамды сүйейтін
Жар болар ма деп едім?!
Шаңырағымның иесі –
Ауырымды тиейтін
Нар болар ма деп едім?!
Таланың ба тиесі?! –
Тағдыр оғы бұйырып,
Қыршыныңнан қиылып,
Ғайып болдың, бөбегім...
Түп-тамырым солғанша
Хош күтем әр тараптан –
Жанға шипа болса-шы?!
Жалғызымды алғанша,
Жазмышы тылсым жаратқан –
Жанарымды алса-шы?!
...Оң-солымды қарманып,
Екі көзім көр болса –
Көңілге тыншу орнарға?!
Тірідей өлдім зарланып –
Мұнарымды алғанша,
Құдай,
Мені алсаң болмай ма!..



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу