Әңгімелер ✍️
АҚПАРАТ КӨП БІРАҚ ШЫНДЫҚ НЕГЕ АЗ?
Қазіргі кезде өтіік ақпарат әлеуметтік желіде немесе кез келген веб сайттарда шынайы ақпаратқа қарағанда 5 есе жылдам тарайды.
Қазір кез келген адам телефон ұстаған репортер.Жаңалық тез арада тарайды. Сөздің бостандығы көп болганымен,”кім бірінші жариялайды” деген жарыстың кесірінен ақпараттың сапасы мен шындығы жоғалады.
Негізгі мәселе:
Ақпарат көбейген сайын шынайы деректі табудын өзіде бір үлкен мәселе.Мұның негізгі себебі: сапалы, тексерілген мәліметтердің әлеуметтік желідегі миллиондаған өтірік хабарлар, қауесеттер мен сенсациялық жаңалықтардың астында көміліп қалуында.
Бүгінде жалған ақпаратпен шын ақпаратты ажырата алалмай калып жатамыз оныңда бір басты мәселесі, Жасанды иннтеллектің каркымды дамуында казіргі танда тіпті шындықтан ажырата алмай каламыз. Салыстырмалы түрде айтсақ, бұрын біз ақпарат таппай қиналсақ, қазір сол тоқтаусыз ақпарат тасқынынан шынайы деректі сүзіп алып, өз санамызды уланудан қорғау үшін күресіп жатырмыз.
Бұл зерттеудің басты мақсаты — ақпараттық технологиялар дамыған заманда мәліметтің тым көп болуы неліктен шындықтың құнын түсіріп, оны көрінбейтін етіп жібергенін терең талдау.
Қазіргі қоғамда кез келген адам ақпарат тарата алатындықтан, әлеуметтік желілер секунд сайын миллиондаған жаңалықтармен толығып отырады. Алайда, бұл сан сапаға айналған жоқ. Керісінше, нақты әрі тексерілген деректер өтірік хабарлар мен эмоцияға негізделген арзан сенсациялардың көлеңкесінде қалып қойып жатыр.
Зерттеу барысында ақпараттың осылайша шектен тыс көбеюі адамдардың сыни ойлау қабілетін қалай төмендететіні және қоғамда неліктен жалған мәліметке сену тренді белең алып бара жатқаны зерделенеді
Ақпарат көбейген сайын шынайы деректі анықтаудың қиындау себебін ғылыми зерттеулер мен медиатеориялар негізінен үш өзара байланысты құбылыспен түсіндіреді.
Біріншіден, қазіргі таңда желіде пайдалы мәліметтен гөрі «ақпараттық қоқыс» пен фейк жаңалықтар тым көп тарайды, тіпті зерттеулер бойынша жалған ақпараттың таралу жылдамдығы шынайы деректерден 6 есе жылдам екені дәлелденген.
Екіншіден, әлеуметтік желілердің ішкі алгоритмдері әр қолданушыға тек оның талғамы мен көзқарасына сай келетін біржақты мазмұнды ұсынып, адамды сыртқы объективті шындықтан ажырататын «ақпараттық көпіршікке» қамайды.
Үшіншіден, қазіргі «пост-шындық» заманында қоғам үшін нақты фактілердің құны түсіп, оның орнына адамның сезімі мен эмоциясына әсер ететін хабарламалар бірінші орынға шықты.
Осы факторлардың тоғысуы салдарынан тоқтаусыз ақпарат тасқыны шынайы деректердің бетін жауып, көлеңкеде қалдырып отыр.
Сыни ойлау ғылымының негізін қалаушылардың бірі, Пенсильвания университетінің профессоры Джонатан Бэрон берген эксклюзивті сұхбатында адам кез келген ақпаратты қабылдамас бұрын, алдымен ақпарат көзіне ерекше мән беру керектігін айтты.
«Ең бастысы – ақпараттың қайдан шыққанын және ол қандай ойлау тәсілінің жемісі екенін ойлау: ашық әрі рационалды ма, әлде біржақты көзқарастың нәтижесі ме? Бұл – шынымен де маңызды. Әрине, мұны мен бірінші болып айтып отырған жоқпын. XIX ғасырдың философы Джон Стюарт Милльдің «Бостандық туралы» кітабында тамаша бір ой бар. Ол егер адам өз идеяларына қарсы айтылған сын-пікірлерді іздеп, оларды ескерсе немесе солардың әсерімен көзқарасын қайта қараса ғана, оның пікіріне сенуге болады», -дейді ғалым.
Профессордың айтуынша дәл осылай, диалог пен өзін-өзі түзету арқылы сенімді білім қалыптасады. Ғылыми ортада бұл үрдіс көбіне осылай жүреді. Ақпарат көзін бағалағанда: баламалы көзқарастарды көре білу, олардың неге қате екенін түсіну немесе керісінше, дұрыстығын мойындауға мән беру керек.
Сондықтан әр мәліметті таразылап, ақпараттың нақтылығын тек ресми дереккөздерден тексеру маңызды.
Ақпараттың көп болуы әрқашан сапаны білдірмейтіні анықталды
Ақпараттың шектен тыс көп болуы оның сенімділігі мен құндылығына кепілдік бере алмайды. Керісінше, тоқтаусыз ақпарат ағыны сапасыз мәліметтердің, өтірік хабарлар мен «ақпараттық қоқыстың» көбеюіне әкелді. Нәтижесінде, пайдалы әрі шынайы деректі табу процесі күрделеніп, қоғамда ақпаратты тұтыну мәдениеті мен медиасауаттылықты арттырудың маңыздылығы бұрынғыдан да өзекті бола түсті.
Адамдардың эмоцияға негізделіп ақпарат қабылдау үрдісі байқалды
Адамдардың ақпаратты эмоция арқылы қабылдауы — қазіргі қоғамның басты ерекшелігі. Біз өзімізді қаншалықты саналы санасақ та, миымыз алдымен сезімге әсер ететін дүниелерге жауап береді. Қорқыныш, ашу-ыза немесе таңданыс тудыратын жаңалықтар логикалық талдаудан әлдеқайда жылдам қабылданады.
Бұл үрдісті әлеуметтік желілердің алгоритмдері де күшейте түсуде. Олар адамның сезімін оятатын мазмұнды алға шығарып, манипуляцияға жол ашады. Нәтижесінде, фактілердің маңызы төмендеп, адамдар тек өздері сенгісі келетін ақпаратты ғана шындық деп таниды.
Адамдардың ақпаратты ақыл-оймен емес, бірінші кезекте эмоциямен қабылдауы — бүгінгі цифрлық дәуірдің ең үлкен сын-қатерлерінің бірі. Біздің миымыздың эволюциялық ерекшелігі мен әлеуметтік желілердің алгоритмдері біріккенде, сезімге әсер ететін ақпарат логикалық фактілерден озып кетеді. Бұл жағдай қоғамда жалған ақпараттың тез тарауына және пікірлердің қақ бөлінуіне әкеледі.
Сондықтан қазіргі ақпараттық тасқында өзімізді манипуляциядан қорғаудың жалғыз жолы — кез келген жаңалыққа сезіммен емес, суық ақылмен қарап, сыни ойлау мен медиасауаттылық дағдыларын тұрақты түрде дамыту.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇