Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.06.2026
13
Адасқан керуен
Жалғыздық менің еншім,
Тәңірден сұрап алған .
Іс те жоқ көңіл көншір,
Орнына тұра қалған.
Ұйқысыз көремін түс,
Күбірлеп әлденені.
Кеміріп өлең үнсіз,
Жадылап жан-денені.
Жаттаған дұғам да жоқ,
Бұл күйден құтқаратын.
Не дейін бұдан бөлек,
Жақсы ойға жұп болатын.
Иісі танау жармай,
Ақ жаңбыр аяқтанбас.
Бурадай бұрқырамай,
Бұлтың да балақтанбас.
Шағынып болдық білем,
Сенесің, күнде өлесің...
"Тонады... шаңғыттымен...",
Қашаңғы күн көресің!..
Жүрер жол шиырланды,
Қарғалар даққа басып.
Соңында құйын қалды,
Керуен кетті адасып!..
Оралбек Бек
20.07.2021 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇