15.06.2026
  45


Автор: Оралбек Бек

ГҮЛПЕРІ

 


Бір қызығы, менің бұл досым, Жеті пері жайлауында болған, түнеп шыққан басқалар секілді өзін өзі жоғалтып әбіржіп кеткен жоқ. Есесіне досымның күнделікті тұрмыстық көзқарасы, ойлау қабылеті өзгерді. Оған да үлкен себеп бар еді.
Жоғарыдағы оқиғадан біраз күннен соң таңға жуық жабық есіктен қалай кіргені белгісіз, ұйықтап жатқан досымның төсегінің басында бір қыз болған қой. Қолында қамшы.
Оянып кеткен досым төсегінен тұрған. Бір қызығы менде ешқандай қорқу сезімі болған жоқ, мен оның сол көштегі ең әдемі от қыз екенін бірден таныдым дейді.
- Мына қамшы саған сыйлық, - депті, әлгі қыз, - ұқыптап ұста! Менің атым - Гүлпері! Бүгіннен бастап алдыңа көп адам келер, ешкімнің көңілін қалдырма, не істейтініңді осы қамшы саған сыбырлап тұрады.
Міне, содан бері менің досым, кісі емдеумен айналысты. Адам деген жын да емес, пері де емес, кейде шатасып та қалған шығар, бірақ сол қамшының арқасында дәрежесі көтерілді. Аспанмен сөйлесті, аймен мұңдасты. Сол перінің қызы Гүлперімен түтін түтетсем деп армандаушы еді, кенеттен келген ажал оғы досымды жұлып кетті...


Мен бұл тақырыпты айтпай-ақ қойсам болар еді. Қазір заман сондай, сенім дегеннің өшкен кезі. Бірақ, Баба түкті Шашты Әзиз атамыздың періден туған Едігесін қайда қоямыз? Ол тарихты көзі қарақты адамдардың бәрі біледі!


ОРАЛ АТА
18.12.2024 ж. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу