Әңгімелер ✍️
ҚОЛТЫРАУЫННЫҢ ШАБУЫЛЫ
Қатты ұйықтаған сияқтымын. Арсыл-гүрсіл дыбыстан шошып ояндым, көзімді ашайын десем, ашылмайды ғой, ашылмайды... Көзімді тырмалап жүріп зорға сығырайттым, қараңғыдан ештеңе көре алмадым, ырс-ырс, гүс-гүрс... Төбелестің әкесі болып жатқан сияқты. Кім кіммен? Ажырата алмадым! Адам деген жаратылыстың көру қабылеті не деген нашар! Бір уақытта бәрі де тып-тыныш бола қалды. Менің аяқ жағыма салп етіп бірдеме құлады. Не екенін қолмен терісін сыйпалап жүріп білдім. Қолтырауын екен! Қырғауылдың менен неге алыстамағанын енді түсіндім. Ертеңіне жан-жағыма көз сүзсем, айналамыздағы суларда, көлшіктерде, қолтырауыннан басқа да, аяғымен емес, бауырымен жорғалағыштар да өте көп екен.
Қатты шаршаған Қырғауылға жаным ашыды. Басынан сыйпағым келді. Ол болса, аяғымен өлген қолтырауынды бір тепті де, орнынан тұрып менен ұзап кетті. Әттең, сөйлей алмайды. Әйтпесе, екі аяқты кейбір адамнан зият екені көрініп-ақ тұр.
Бұдан кейін ат пен есектің қайда лағып кеткенін білмедім, іздеген де жоқпын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇