Өлеңдер ✍️

  15.06.2026
  30


Автор: Оралбек Бек

ТӨРТТАҒАНДАР (40)

 


Он саусақ өрген не деген мүсін,
Таң қалдым көріп шебердің ісін.
Көктемін айтсай сайратқан құсын,
Желпіген жарлы көңілдің күзін.
***
Сұрағың кімнің жанына батсын,
Жетті ме төрге сен айтқан дат, сын!
Ұйқышыл мінбер - меңіреу мінбер,
Тілі жоқ жерге өзің де жатсың.
***
Халықты тонап келеке еткендер,
Шет елге қашып бекер етпеңдер.
Арам өледі түптің түбінде,
Ілесіп желге жеке кеткендер.
***
Ей, жүк-жихаз! Несін айттың кедейлік сынның,
Жұрттың бәрін жұртына өгей ғып тындың.
Қайда қойдық ісіңді ірің татыған,
Теке мініп келгендей қасынан жынның.
***
Боздау үшін жаралған жоқ аналар,
Аналарға дәстүрімде пана бар.
Анасы жоқ, панасы жоқ пенделер,
Ойланбаса өздері де жоғалар!..
***
Махаббат па!? Қиын емес жылату,
Жылап қалса, оны қайта жұбату.
Бейшаралар жүрген жерде қамкөңіл
Сезім жайлы ән шырқамай қоя тұр.
***


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу