Өлеңдер ✍️

  08.06.2026
  8


Автор: Зейнолла Әкімжанов

Әбәжан мен Биби*

 


Әбәжан айтты Бибиге
-Құмар едің құйма үйге.
Ал, балалар, сый болды-
Құй секіргін, құй биле!


Демеп солай Бибиді,
Биби соқты құйма үйді.
Құйма үйді де тоздырды,
Бөренеден үй қиды.


Үй қиылды бөрене,
Өсті сонда немере.
Биби кетті аттанып,
Мініп келмес кемеге.


Жаны байтақ, әз адам,
Аулақ жала, жазадан,
Сол Бибидің алдында
Өткен еді Әбәжан.


Бүгінде жоқ қос адам,
Шыға келмес тасадан.
Топырақ қып жіберген
Екеуін де Жасаған.


Күндер өтті көнере,
Кейінгі оны сөге ме?
Аман бала, немере...
...Тас-қаланың тұрғыны
Тас жүрек пе-
Немене?..
____
*Бұлар-ел осылай атап кеткен ағайынды Рамазан мен Нәби


ЗЕЙНОЛЛА ӘКІМЖАНОВ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу