Өлеңдер ✍️

  29.05.2026
  55


Махаббат

             Ай-Ару


 


Шуақ шашқан көктемде,


Бұлттар қалқып өткенде,


Аңқыған самал жеткенде,


Сағыныш лебі өпкенде,


Сағындым сені Ай-Ару!


 


Жаздың гүлі шыққанда,


Жоғалғанда шық маңда,


Күн көзі батып бұққанда,


Табиғат сырын ұққанда,


Сағындым сені Ай-Ару!


 


Сарғыш тартты күзімде,


Сұлулық сенің жүзіңде,


Кірбіңсіз көңіл өзіңде,


Сабырлық бар төзімде,


Сағындым сені Ай-Ару!


 


Қыс келіп қар жауғанда,


Әппақ бар маң болғанда,


Бәйшешек бәрі солғанда,


Сай-сала қарға толғанда,


Сағындым сені Ай-Ару!


 


Сағыныш деген тәтті мұң,


Сағынумен өтер сәтті күн.


Білдірмеген еш жаттығын,


Сағындым сені тап бүгін,


Сағындырған мені Ай-Ару!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу