Өлеңдер ✍️

  16.05.2026
  129


Автор: Алмат Самат

Біз ғанамыз

Кезенсе де бұл өмір берен маған,


Пешенеме жазылған көлемді алам.


Жүрегім сені ұмытып бастаса егер,


Өзіңе бірер шумақ өлең жазам.


 


Орнатса жүрек көктем күз не мейлі,


Келсе де бұл өмірге біздердей мың.


Тас түнек тұтқынына алса тағы,


Мен сені енді, Күнім, іздемеймін. 


 


Көрінен көзін қысқан қыздардай мұң,


Төсінен ұшырады құздар қай күн?


Бұлақ сезім тұнығын түсінбеген,


Мен сені енді мүлдем қызғанбаймын. 


 


Жыр қылып сарқып жазам сезімімді,


Кездесуді ұмытшы кезігуді.


Болашақ өміріңде ұмытпа сен,


Тура солай ұнатқан кезім үлгі.


 


Саған барлық жерлерде жыр жазамын,


Құдай басқа салғаны бұл жаза – мұң. 


Бір-бірін ұғып тұрып түсінбеген,


Соры қалың, бақытсыз біз ғанамыз.


 


Алмат Самат




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу