14.05.2026
  23


Instagram мен TikTok жастар санасына қалай әсер етуде?

Соңғы жылдары әртүрлі желілер адамдардың өмірінде ажырамас бір бөлігі болып қалыптасып жатыр.Біздің қымбат уақытымыздың көп бөлігін осы желілер алып жатыр.Неге барлығы осыған қызығады?себебі бұл жақта көбінесе сыртқы ғана әдемі көріністер көрсетіледі, ал камераның арғыжағында не болып жатқанын ешкім білмейді.Бұл арқылы жасөспірімдердің ойлау жүйесін,құндылықтарын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.


Қазіргі таңда қолданыстағы кысқа бейнероликтер сұранысқа ие,өтімді болып жатыр. Орта есеппен 15-60 секундқа созылатын роликтер адамның назарын ұзақ уақыт ұстап тұру қабілетін әлсіретеді. Себебі олар жылдам ауысады, ашық түстер мен эмоцияға толы кадрларды қолданады. Мұндай контент мида дофамин бөлінуін күшейтеді — бұл «ләззат гормоны» қызығушылықты арттырады.Ми қысқа ақпарпттарға үйреніп кетсе,өкінішке орай адамның төзімділігіне әсер етеді.Яғни,бір нәрсеге ұзақ уақыт бойы зейін салуға кедергі болады. Сонымен қатар жиі қайталанатын образдар мен трендтер есте тез сақталып, санамызда ұзақ уақытқа орнығады.


Ал енді мына зерттеуге назар аударайық, Microsoft компаниясының зерттеуі бойынша, адамның орташа назар аудару уақыты 2000 жылы 12 секунд болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш небәрі 8 секундқа дейін қысқарған. Мұның салдары оқу барысында немесе күрделі жұмыс істегенде алаңдауға, ойдың бөлінуіне әкеледі.


Онлайн платыформалар арқылы біз жаңа адамдармен таныса аламыз,жаңа таныстықтар орната аламыз.Бірақ, желідегі достар саны артқанымен,шынайы өмірдегі қарым қатынас азаюда. Pew Research Center зерттеуіне сәйкес, 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің 59 пайызы әлеуметтік желілерде белсенді болғанымен, кейде өзін жалғыз сезінетінін мойындаған. Қазақстандағы жағдай да соған ұқсас. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының 2024 жылғы сауалнамасында жасөспірімдердің 41 пайызы офлайн достық қатынастардың азайғанын атап өткен.


Қазір көптеген жасөспірімдер желілердегі блогерларга қарап,өздерімен салыстырады,  дегенімен қандай да бір дәрежеде бұл ынталандыру көзі болса, алайда бұл көбінесе өз-өзіне сенімсіздік, уайымға айналады,психологиялық қысым қалыптастырады.


Сонымен қатар трендтке улесү өмір салтына айналуда.Адамдар әртүрлі жолдар арқылы желілерде танымал болып,ақша табады. Көпшілік осындай танымалдылыққа ұмтылады.Сырттай қарағанда танымал болу оңай сияқты.Бірақ, әріқарай контент жасау, аудитория жинау, адамдардың назарын ұстап қалу өте жеңіл емес нәрселердің бірі. Сол танымалдылықпен бірге міндетті түрде көп хейт келіп жатады. Оны жеңудін бір ғана тәсілі бар,ол ондай нәрсеге көңіл бөлмеу.Негізінен бұл танымал болуға,біреуге мотивация болуға үлкен мүмкіндік береді .Алайда танымал болудың жауапкершілігі де бар. Көпшілік алдында болу әрдайым сын мен пікірге ашық болуды талап етеді. Теріс пікірлер психологиялық қысым тудыруы мүмкін. Кейбір жастар тек лайк пен қаралым үшін шынайылығын жоғалтып, трендке тәуелді болып кетеді.


Сондықтан әлеуметтік желі арқылы танымал болу – үлкен мүмкіндік, бірақ ол саналы көзқарасты қажет етеді. Ең бастысы – өз құндылығыңды жоғалтпай, пайдалы контент ұсыну. Сонда ғана танымалдық уақытша емес, тұрақты жетістікке айналады.


Ал Instagram желісіне тоқтала кетсек , ол сұлудық пен өмірдің идеалды бейнесін қалыптастырады. Көпшілік нешетүрлі филтирлармен қолданады,ал бұл нәрсе жас қыздарға өзін қабылдауға  әсер етеді.Бұл жерде қайтадан өзін жасанды идеалмен салыстыру кетеді,басқаларға ілесу сияқты мәселелер орын алады.Соның салдарынан табиғилық пен шынайылық екінші орынға жылжыды.


Және қазір жалған ақпараттар кеңінен таралуда. Жалған жаңалықтар, өңделген суреттер, монтаждалған видеолар жылдам таралады да, адамдар арасында түсініспеушілік туғызады. Жастар үшін бұл әсіресе маңызды. Біз ақпаратты бірден қабылдап, бөлісуге тез бейімбіз. Сол себепті әр постты, әр видео мен жаңалықты бөліспес бұрын қадағалау, тексеру маңызды. Media Matters Kazakhstan 2023 жылы жүргізген зерттеу нәтижесінде TikTok-тағы жалған ақпараттың 37 пайызы саясат пен денсаулыққа қатысты болғаны анықталған. Ақпараттың қайдан шыққанын білу, ресми дереккөздерге сену, бейнелер мен суреттердің шынайылығын тексеру – біздің жауапкершілігіміз.


Бірақ әлеуметтік желілердің тек жаман жақтары емес ,жақсылары да бар .Жастар қысқа видеолар, посттар жасап, өз ойы мен стилін көрсетуге, ой -пікірін ашық жеткізуге мүмкіндік алады. Көпшілік осы платформаларды өз талантын , жетістіктерін көрсетеді. алаңы. Жастар ақпарат алмасып, бір-бірінен үйреніп, жаңа бағыттар ашып жатыр. Мысалы, экологиялық қозғалыстар, волонтерлік жобалар, білім беру контенттері де TikTok пен Instagram арқылы кең тарады.


Алайда мүмкіндіктер мен қатар қауіптер де бар.Өскелең ұрпақтың көпшілігі шынайы өмір мен виртуалды өмірді ажырата алмай бара жатыр.Көп нәрсені біз қазір елге көрсету үшін жасаймыз.біздің қазіргі басты мәселелердің бірі жалған сыртқы көрігіс болып табылады.Шын мәнінде барлығы басқаша.


Бүгінде барлығы әлеуметтік желілер арқылы өзгеруде.Жастардың қабылдау,түсіну, сезіну қабілеттері ауысуда.Бұрын адамдар өз сезімін ашық білдіріп, бір-бірімен жүзбе-жүз сөйлесетін. Көзбе-көз сөйлескенде эмоцияны түсіну жеңіл, көңіл-күйді анық сезу мүмкіндігі бар еді. Алайда қазір бәрі өзгере бастады: тіпті жақын адамдармен қарым-қатынас та біртүрлі, құрғақ болып барады. Көпшілігі өз ішкі сезімін бөлісудің орнына, оларды тек хабарлама немесе чат арқылы жеткізеді. Ризашылық, сүйіспеншілік, кешірім немесе тіпті махаббат сияқты нәзік эмоциялар да смайлик пен эмодзи арқылы қысқаша беріледі.


 Бұл адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынасты жояды. Сондықтан бізге шыгайы өміоде бір-бірімізбен көбірек уақыт өткізіп,шынайы сөйлесіп,эмоциямызды ашық жеткізу керекпіз.


Біздегі ең қымбат нәрсе ол -уақыт.Ал біз уақытымыздың көп бөлігін ғаламторларда өткуземіз. 2025 жылы елдегі интернет қолданушыларының 75,7 %-ы әлеуметтік желілерді белсенді түрде қолданғаны байқалған. Телефонда көп уақыт өткізу – мидың, көздің шаршауына ,уйқының бұзылуына кей кездерде стресске де алып келуі мүмкін,назардың шашырауына алфп келеді.


Бізге берілген мүмкіндіктерді саналы түрде пайдалану керекпіз. Себебі желілерді жою немесе тыйып тастау мұмкін емес. Осы платформалар өмірдің бір бөлігіне айналды. Біз қосымшаларға кірер бұоын өзімізге сұрақ қоюымыз керек. «Мен не үшін бұл контентті көріп отырмын?» «Маған бұның пайдасы бар ма?». Бұл ойлау тәсілі арқылы біз жауапкершілікті арттыра аламыз .


Қорытындыға келсек , осы виртуалды өмір мен шынайы өмір арасында тепе-теңдікті сақтасақ ,әлеуметтік желілер бізге тек өз пайдаларын тигізеді.Әлеуметтік желілерді қолданудың ең басты қағидасы — өзіңді жоғалтпау. Экран артында емес, өмірдің өзінде бақыт табу.
Орманбек Наири 80-мектеп гимназиясының түлегі




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу