Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.05.2026
138
Бала махаббат.
Келіп жетті, міне, жиырма бесі,
Асығыспен, сағынышпен күткен мамыр кеші.
Бантик тағып, сыныбыммен жүрмін әлек,
Көптің арасынан жанарыңды үмітпен іздеп.
Жүрегім мүлдем сенбейді,
Сенгісі келмейді.
Көрмейтініме енді сені.
Өшпейтін бір сезімім бар,
Ішімде қалып қойды.
Партадан басталған махаббатым,
Ақ жол. Бақытты бол. Болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter