Шығармалар ✍️
Шығармалар ✍️
15.04.2026
22
Пластик дәуірі: адамзат табиғатты қалай тұншықтырып жатыр ?
Табиғат – адам өмірінің қайнар көзі, тіршіліктің бастауы. Соған қарамастан, адамзат табиғатты қорғаудың маңызын түсіне отырып, оны сақтауда әлі де көптеген қателіктерге жол беріп келеді. Бүгінгі күні табиғатты қорғау – ең өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде байқалуда. Өндірістің көп салынуы, орман ағаштарының кесілуі, пластиктің мөлшерден тыс қолданылуы – табиғатқа үлкен қауіп төндіріп тұр.
«Адамның табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтар тілі жоқ».
Республикадағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тазалау қондырғыларының сапасы мен тиімділігі 30%-дан аспайды. Өндіріс сарқынды, шайма және қолданылған суларынының әсерінен, Ертіс, Орал т.б. өзендерінің суы, зияндылығы жөнінен нормативтік көрсеткіштерден әлдеқайда асып түседі. Өзендердегі судың өздігінен тазаруы, тек 300 километрлік жол жүріп өткен соң ғана турбулентті және ламинарлы араласулар әсерінен жүзеге аса алады. Тіпті, бұл су көздерінің "есте сақтау қабілеті" де зақымданған. Қазіргі экожүйені қалыптастыру, ғалым мен техника жетістіктерін өндіру, осы мақсаттарға қаржы жұмсау мөлшері теңізге тамған тамшыдай.
Қоршаған ортаның, Республикамыздағы халықтың науқастануына тигізер әсері 60% шамасында. Ол әсіресе, тау - кен өнеркәсібі орналасқан қалаларда жоғары. Қалаларда экологиялық ахуал, соматикалық ауру түрлерінің өршуіне ықпал етуде. Адамзат табиғатты бірнеше жолмен тұншықтырады. Негізгі бағыттары: орманды кесу, өнеркәсіптік ластану, биоалуантүрліліктің азаюы, су ресурстарын пайдалану және ластау, шамадан тыс табиғи ресурстарды пайдалану.
Қазақтың әйгілі актері, режиссер Шәкен Айманов бұл мәселе жайында пікір айтты: «Экологиялық проблемалар – ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі ғой, өйткені әңгіме адамның өмір сүрген ортасы туралы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр».
Пластик заттардың көп тұтынылуы планетамыздың ластануына әкеліп соқты. Қалалардың әр бұрышында қоқыстар жатыр, ал оны байқап жатқандардың саны қанша? Пластиктен шығатын улы газ адам мен табиғатқа кері әсерін береді. Орман ағаштарының кесілуі ауаның ластануына әкеліп соқса, химиялық қоспалар күнделікті тұтынып жүрген судың нашарлауына алып келді.
Экологиялық проблемалар тәуелсіздік жылдарынан бастап байқалған. 1990 жылдардан кейін өндіріс пен қала құрылысын дамыту қарқыны артқан, бірақ экологиялық стандарттар толық сақталмаған. 200 – жылдардан бастап Қазақстан экологияны сақтау үшін бірнеше бағдарламалар ұйымдастырды. «Жасыл экономика», «Су ресурстарын сақтау», «Орман және экожүйелерді қорғау».
«Жасыл экономика» бағдарламасы 2013 жылдан бастап негізделіп келеді. Бағдарламаның басты мақсаты – энергияны үнемдеу, қалдықтарды азайту, жаңартылатын энергияны пайдалану және экологияны қорғау. Қалаларды көгалдандару мақсатында еріктілермен бірге ағаштар отырғызып, қоқыстарды жинау жұмыстарын өткізеді. 2015 жылдан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының климаттық келісіміне қосылды және жаңартылатын энергияны дамытуға халықаралық инвестицияларды тартуда.
Су ресурстарын сақтау және басқару бағдарламасы – 2024-2030 жылдарға арналған стратегиялық жоспар бойынша жаңа су қоймаларын алу, ирригациялық жүйелерді жаңарту және суды үнемдеуді енгізу қарастырылған. Бұл бағдарлама су қауіпсіздігін қамтамасз етуге, су ластануын азайтуға жіне ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуды қолдауға бағытталған.
Қалдықтарды өндеу және экожүйелерді қорғау бағдарламасы – өндірістік қалдықтарды азайту және табиғи экожүйелерді қалпына келтіру шараларын қамтиды.
Табиғатты қорғау – әр адамның жауапкершілігі, Біз бір планетада тұрамыз, бір ауамен тыныс аламыз. Қалдықтарды азайту, суды үнемді пайдалану, ағаш отырғызу – табиғатымызды сақтаудың басты жолы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇