Өлеңдер ✍️

  03.04.2026
  369


Автор: Мұсабеков Азатбек Нұрболатұлы

Қош бол

 


 


 


 


Маған берген сертіңді бұза тұрып,


 


Мына мені кеттің сен ыза қылып.


 


Өлең болып мен қалдым жалғыз ғана,


 


Ақжүніс боп,сен кеттің ұзатылып


 


 


 


Ар алдында жүрегім ақ қой менің,


 


Келін болу әр қызға бақ қой керім.


 


Жаным саған не дейін?


 


Бақытты бол!


 


Ақ орамал құт болсынақ көйлегің.


 


 


 


Шалқасынан ай жатқан төсін кере,


 


Жылу берді күздің сол кешінде не?


 


Айбергенов көшесі… Әрмен қарай,


 


Не болғаны қалқам-ау есіңдеме..?


 


 


 


Болмаса да икемім биге менің,


 


Сол бір кеште қоймадыңсүйреледің.


 


Иығымда қолдарың тербетіліп,


 


От сезімге күйгенмінкүйген едің.


 


 


 


құштарлықтың ағытып түймелерін,


 


Содан бері ешкіммен билемедім.


 


Қызыл раушангүлдеген ерініңді,


 


Күйеуіңнен бірінші сүйген едім


 


Қош бол...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу