Шығармалар ✍️
Буллинг: мектептегі жасырын мәселе
Қазіргі кезде мектептерде жиі кездесетін мәселелердің бірі - буллинг. Буллинг бірден көзге көрінбеуі мүмкін. Бірақ оның салдары оқушыларға қатты әсер етеді. Кейде мұғалімдер де осы жағдайға тап болады. Көп жағдайда жәбірленушілер болған жағдайды айтуға қорқады немесе ұялады. Сондықтан буллинг бүгінгі қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Буллинг - адамды қорлау, мазақтау немесе кемсіту. Ол тек ұрып-соғу арқылы ғана болмайды. Кейде сөзбен айту да буллингке жатады. “Әзіл” деп айтылған кей сөздер адамның көңіліне ауыр тиеді. Әлеуметтік желіде жаман пікір жазу немесе біреуді көпшілік алдында мазақ ету де буллинг болып саналады. Буллинг тек оқушылар арасында ғана емес, кейде мұғалімдерге де көрсетіледі.
Буллинг адамның мінезіне және көңіл күйіне кері әсер етеді. Мұндай жағдайға тап болған балалар көбіне тұйық болып кетеді. Олар мектепке барудан қорқады немесе барғысы келмейді. Кейбір мектептерде үлкен сынып оқушылары кіші сыныптарға қысым көрсетеді. Мұндай әрекеттер дұрыс емес.
Буллингті азайту үшін ата-аналар мен мұғалімдер бірге жұмыс істеуі керек. Ата-аналар баламен ашық сөйлесуі маңызды. Мұғалімдер оқушыларға сыйластық пен достықты үйретуі керек.
Буллингті елемеуге болмайды. Әрбір оқушы мектепте өзін қауіпсіз сезінуі тиіс. Егер бәріміз бір-бірімізді құрметтесек, бұл мәселені азайтуға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇