Эсселер ✍️

  14.03.2026
  79


Жетістікке жету жолы

  Әр адам өмірінде жетістікке жетуді армандайды. Жетістік – бұл тек байлық немесе атақ қана емес, адамның алдыңа қойған мақсаттарына жетуі, өзің дамытуы және қоғамға пайда тигізуі. Жетістікке жетудің сыры неде?
  Жетістікке жету үшін адамның ең алдымен болашаққа қойған мақсаты болуы керек. Мақсат кішкентай болуы мүмкін немесе үлкен. Бірақ алға мақсат қойып алып, бос қиялдау еш нәтиже әкелмейді. Ол үшін адамның бойында табандылық, еңбекқорлық, жауапкершілік қасиеттері жоғары болуы керек. Сонда ғана баспалдақтың ең биік шыңына көтеріліп, жеңістің дәмін тата аламыз. Сонымен қатар адамның бойында өзіне деген сенім жоғары болуы керек. Көбіне адамдар “менің қолымнан келмейді” деп орта жолдан тастап кетіп жатады. Бірақ “Күдік келтіру ойынына қатысудың өзі – сенімділік” деп Людвиг Витгенштейн айтып кеткен екен. Өзімізді ешкімнен кем көрмей, бірде шалыс басып, соған бола сағымызды сындырмай, қайта тұрып, мақсатымыздың шындыққа айналатынына сенуіміз керекпіз. Себебі бізді алда жетістік қол бұлғап күтіп тұр. Жетістікке қол жеткізу үшін, қателіктерінен сабақ ала білуде маңызды. Себебі әр қателік бізге өмірдің шынайы тұстарын танытады.
  Қортындылай келе, жетістік – бұл әрекет пен табандылықтың жемісі. Біз бос қиялдың жетегінде жүрсек ойлаған арманымыз, қойған мақсатымыз сол күйінде қалады. Егер біз өзімізге сеніп, кез келген қиындықты жеңе білсек, армандаған биік белестерге жетуге болады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу