Эсселер ✍️
Эсселер ✍️
15.02.2026
55
Астана – арман қала
“Астана бейбіт те жасампаз өмірге ұмтылған қазақ ұлтының жаңа кескін-келбетін айқындады. “- Нұрсұлтан Назарбаев.
Астана – Қазақстанның жаңаруын айқындайтын, тəуелсіздік кезеңінің рухын танытатын елорда. Ол тек əкімшілік орталық емес, елдің даму бағытын бейнелейтін кеңістік. Қаланың қалыптасу жолы қысқа болғанымен, маңызы зор, əрбір жаңа нысан мемлекеттің болашаққа ұмтылысын көрсетеді.
1997 жылғы 20 қазанда Нұрсұлтан Назарбаевтыңжарлығымен Ақмола Қазақстан Республикасының астанасыболып жарияланып, сол жылдың 10 желтоқсанынан бастап ресми түрде елорда мəртебесіне ие болды. 1998 жылғы 6 мамырда қала атауы Астана болып өзгертіліп, 10 маусымда жаңа астананың ресми таныстырылымы өтті. Кейін 2008 жылғы заңға сəйкес 6 шілде – Астана күні мемлекеттік мереке болып бекітілді. Бұл даталар ел тарихындағы бетбұрыс кезеңдерді білдіреді.
Қаланың атауы бірнеше мəрте өзгеруі оның өткені күрделі екенін аңғартады: 1961 жылға дейін Ақмола, 1961–1992 жылдары Целиноград, 1993–1998 жылдары қайта Ақмола аталды. Кейін жаңа атаумен əлемге танылды. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен «Əлем қаласы» мəртебесіне ие болуы – осы еңбектің нəтижесі. 2003 жылы халықаралық Moody’s Investors Service агенттігі елорданың кредиттік көрсеткішін көтеріп, оны əлемнің үздік 30 қаласының қатарына енгізді. Бұл – қаланың экономикалық сенімділігі мен инвестициялық тартымдылығының дəлелі.Мен өзім Шымкент қаласынанмын. 2025 жылы елордаға алғаш сапарым ерекше əсер қалдырды. Сол кезде өзімді шын мəнінде ересек, дербес тұлға ретінде сезіндім. Биік ғимараттар тек сəулет нысандары ғана емес, ішкі мүмкіндіктерімнің кең екенін ұқтырғандай болды. Қаланың қарқынды тіршілігі жауапкершілікті сезінуге, уақытты тиімді пайдалануға үйретті. Осы орта мені алға қадам жасауға ынталандырды.
Таңдаған университетімнің Астанада орналасуы да бұл шаһармен байланысымды күшейтті. Мұнда білім алуға, кəсіби тұрғыда өсуге жағдай мол. Ғылыми орта, жастар бастамалары, түрлі жобалар – бəрі де адамды ізденіске жетелейді. Осындай кеңістікте жүрген жан өзіне талап қояды, мақсатын айқындайды.
Көпшілік елорданы ауа райына бола сынайды: қыстың ұзақтығы мен желдің өтінде қалу оңай емес. Алайда мен үшін бұл табиғи ерекшелік те тəрбиелік мəнге ие. Қатаң климат шыдамдылықты арттырады, қиындыққа мойымауға үйретеді.
Осы ортада адам бойындағы табандылық нығая түседі.
Астана – арман қала. Бірақ арман – тек қиял емес, сол арманға сай болуға ұмтылу. Бұл қала маған болашаққа сенім сыйлады, өз жолымды саналы түрде таңдауға ықпал етті.
Сондықтан елорда мен үшін тек əсем көріністер мекені емес, тұлғалық өсуге бастайтын

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇