Шығармалар ✍️
Шығармалар ✍️
09.02.2026
49
Арманыңа сену неге маңызды?
Әр адамның жүрегінде бір арман бар. Біреу журналист болуды, біреу елге пайдалы іс жасауды қалайды. Мен Капал ауылында оқимын және болашақта өз ойымды ашық жеткізе алатын адам болуды армандаймын. Бірақ кейде «қолымнан келе ме?» деген күмән де пайда болады.
Арманға сену — алға жылжудың ең басты күші. Қиындық пен сәтсіздік кез келген адамда болады. Маңыздысы — сол сәтте тоқтап қалмау. Егер адам өз арманына сенсе, ол қателіктен сабақ алып, қайта әрекет етеді
Арман — жай қиял емес, ол мақсатқа апарар жол. Сондықтан арманыңнан ұялмау, оны қорғау керек. Бәлкім, бүгін сенім аз шығар, бірақ сеніммен жасалған әр қадам ертең үлкен жетістікке айналады.
Қазіргі таңда көптеген жастар өз арманына сенуден қорқады. Себебі сәтсіздік пен қорқыныш адамды тоқтатуы мүмкін. Бірақ арман — адамға бағыт беретін күш. Сондықтан арманға сенудің маңызы туралы айту қажет деп ойлаймын.
Арманға сенген адам өзіне мақсат қоя біледі. Ол бірден жетістікке жетпеуі мүмкін, бірақ әр қадам оны алға жетелейді. Көп адам алғашқы қиындықта тоқтап қалады, ал сенім адамға қайта тұруға күш береді. Арман — адамды дамуға итермелейтін ішкі күш.
Арманға жету әрқашан қиын, кейде ол ойдағыдай тез келмейді, бірақ кеш болса да орындалады. Менде армандар көп, кейбірі сәтсіздікке ұшырап, аяқсыз қалуы мүмкін. Дегенмен әр сәтсіздік – бұл тоқтау емес, керісінше, жаңа тәжірибе және келешектегі жетістікке апаратын қадам. Армандарым көп болған сайын, менде талпыныс пен үміт те арта береді. Сондықтан сәтсіздікке қарамастан, арманыма сенуден ешқашан бас тартпаймын.
Бұл мақаланың мақсаты – оқушылар мен жастарға арманның адам өміріндегі маңызын түсіндіру, өзіне деген сенімді жоғалтпауға шақыру. Қиындықтар мен сәтсіздіктер әр адамның жолында кездесетінін көрсете отырып, арманына сенген адам ғана алға жылжи алатынын жеткізу. Оқырманды өз мүмкіндігін бағалауға, қорқыныш пен күмәнге берілмей, болашағына жауапкершілікпен қарауға мотивация беру.
Сол себепті әркім өз арманына сенуі керек. Қиындықтар кездессе де, сенім мен еңбек арқылы адам арманына жетеді. Арманыңнан бас тартпа, себебі ол саған күш беретін бағыт.
Ардақ Дүлдүл

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇