22.01.2026
  67


«Есірткі – арманды ұрлайтын үнсіз жау»

№196 орта мектеп


9ә сынып оқушысы


Тұрсынбай Гүлназым


«Есірткі – арманды ұрлайтын үнсіз жау»


Есірткі – сырттай байқалмайтын, бірақ адамның болашағын біртіндеп жоятын қауіпті дерт. Ол алдымен қызығушылықтан басталып, кейін тәуелділікке айналады. Жастар есірткінің зиянын толық түсінбей, бір сәттік ләззат үшін өз армандарынан айырылып жатады. Есірткі адамның денсаулығын ғана емес, ойлау қабілетін, мінезін, өмірге деген құштарлығын жояды. Сабақ үлгерімі төмендеп, отбасымен, достарымен қарым-қатынасы бұзылады. Уақыт өте келе адам өз мақсатын, болашағын ұмытып, қиын жағдайға тап болады. Нағыз батылдық – зиянды әдеттен бас тарту. Арманға жету үшін денсаулық, білім және дұрыс таңдау қажет. Спортпен айналысып, пайдалы іспен шұғылданған жас ешқашан есірткіге жоламайды. Есірткісіз өмір – жарқын болашақтың кепілі. Өз өміріңді бағала, арманыңды қорғай біл. #есірткігеқарсы #противнаркотиков




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу