Өлеңдер ✍️

  19.01.2026
  257


Автор: Камал Ұзақ

Тағдырымды саған қосқым келеді

Сезімімді кетті біреу сорлатып,


Менен кейін бақ таппады олда түк.


Жүрегіме бір тыныштық орнатып,


Менің қайта ғашық болғым келеді.


 


Махаббаттан жүрек кеткен езіліп,


Байқаусызда қалдың маған кезігіп.


Көздеріңнен бір жылулық сезініп,


Менің қайта ғашық болғым келеді. 


 


Бақ құсымсың, маған қайта оралған,


Күтер ме екен армандаған жол алдан.


Сезімімді қайта оятып жоғалған,


Менің қайта ғашық болғым келеді.


 


Үнсіз ғана көздеріңе қарадым,


Іштей сені бақытыма баладым.


Бірге татып махаббаттың шарабын, 


Менің саған ғашық болғым келеді. 


 


Бұл өмірде сенсің маған керегі,


Жүрегімнің қалауысың себебі.


Махаббаттың туын көкке көтеріп, 


Тағдырымды саған қосқым келеді.


 


©Камал ҰЗАҚ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу