Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.01.2026
96
Теңіз
(Ардақ Нұрғазыға)
Түн...
Ойлардың шуылын бөгер кім?
Терезе сыртында сумақы жел есер.
Тал-терек теңселіп,
Еркіндік жайында кеңесер.
Аядай бөлмеде,
Күбірлеп көп күмән,
Тек іштен тынады сол ақын,
Қялын жетелеп қиырға ақ тұман!
Теңізді аңсайды бәз біреу,
шексіз бір ой кешіп,
Айкезбе сезіммен,
Жындармен тілдесіп,
Өзімен сөйлесіп.
Аңсамайды ол теңізді,
Теңіз тек оның ішінде тулайды.
Қасқайған жартастай денесін,
Толқындар соққылап,
Акула ойларға жұтылып,
Кетеді құрдымға шым батып.
Далада сұр тұман,
Еңсесін басады әлемнің.
Ақбұлақ арманы суалып,
Қасірет теңізін көп кешкен,
Сол ақын,
Аңсамайды ол теңізді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇