Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.01.2026
8
Мейірімге мұқтаж заман-ай!
Мейірімге мұқтажбыз-ау бәріміз,
Үлкен-кіші, жасымыз да кәріміз.
Жанашырлық, қамқор пейіл жетпейді,
Ниетіміз кеткен бе әлде тарылып?
Енеге келіні жақпай,
Қайын жұрт күйеуді ұнатпай.
Ит пенен мысықтай болып,
Өмірдің сырғып аққаны-ай.
Бай болсаң - беделің асқақ,
Жарлыға - жақын да жаттай!
Дүниемен өлшенген соң бұл жалған,
Туыс безіп қашып жатыр туғаннан.
Зәулім сарай салса-дағы қондырмас,
Қадірсізсің қалсаң екі-үш сағаттан.
Иман дейтін қасиеттің құны жоқ,
Имансыздың болып тұр-ау міні жоқ.
Әділетсіз дүниені көргенде
Жүргеніңе ұяласың тірі боп.
27.08.2025
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇