Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.01.2026
414
ЖАҢА ЖЫЛ
Жаңадан бір жыл енді есігіңнен,
Зор үміт ел күтеді осы күннен.
Жақсысын өткен жылдың бірге әкетіп,
Жаманын қалдырайық кешіріммен.
Қ-сы:
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жақсылық ала келсін.
Той-думан бола берсін,
Шыршамыз жана берсін.
Қазақтың әр үйіне,
Бақ-дәулет қона берсін.
Қос-қостан бала берсін,
Жаңа жыл бола берсін.
Жаңа жыл жақсылыққа бастау болсын,
Арманы әр адамның асқар болсын.
Жолында бар адамның бақыт пен бақ,
Жанында ақ ниетті достар болсын.
Қ-сы:
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жақсылық ала келсін.
Той-думан бола берсін,
Шыршамыз жана берсін.
Қазақтың әр үйіне,
Бақ-дәулет қона берсін.
Қос-қостан бала берсін,
Жаңа жыл бола берсін.
Әліпов Айтбек Рымбекұлы
Зор үміт ел күтеді осы күннен.
Жақсысын өткен жылдың бірге әкетіп,
Жаманын қалдырайық кешіріммен.
Қ-сы:
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жақсылық ала келсін.
Той-думан бола берсін,
Шыршамыз жана берсін.
Қазақтың әр үйіне,
Бақ-дәулет қона берсін.
Қос-қостан бала берсін,
Жаңа жыл бола берсін.
Жаңа жыл жақсылыққа бастау болсын,
Арманы әр адамның асқар болсын.
Жолында бар адамның бақыт пен бақ,
Жанында ақ ниетті достар болсын.
Қ-сы:
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жақсылық ала келсін.
Той-думан бола берсін,
Шыршамыз жана берсін.
Қазақтың әр үйіне,
Бақ-дәулет қона берсін.
Қос-қостан бала берсін,
Жаңа жыл бола берсін.
Әліпов Айтбек Рымбекұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇