Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.12.2025
82
Артық.
Шешуі жоқ әр істен,
Уайымсыз жүрген кез артық.
Бұлданып жүрген бір жаннан,
Жадырап жүрген жан артық.
Тыңдаусыз қалған сөзіңнен,
Үндемей қалған мың артық.
Біреуді ғайбаттағаннан,
Жақсы сөз айту тағы артық.
Бұлданғаннан не ғайбыл,
Жадырап жүзің күлмесе,
Шешендігіңнен не ғайбыл,
Еліңе пайдаң тимесе.
Ғашықтықтан не ғайбыл,
Сүйгенді ол сүймесе.
Бақыттың кілті білсеңіз,
Сүйгенді шын сүйгенде…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇