09.12.2025
  19


Анасын аңсаған ғұмыр

Ана… Бұл сөздің мағынасы бір ғана әріптерден тұрса да, жүректі тербейтін тұтас әлемді сыйдырады. Адам өмірінің ең алғашқы жарығы да, ең алғашқы қорғаны да-ана. Бірақ кей тағдырлар ана мейірімін қалап, соны аңсап өседі. Мұндай ғұмыр-жүрекке салынған тыныш жара секілді: қанамайды, бірақ әр соққан сайын сезілдіреді.Мен үшін анасыздық-тек бір сәттік мұң емес, ол-өмірдің әр бетіне сызық болып түскен сағыныш. Сағыныш деген бір қызық: көрінбейді, бірақ көмескі көлеңкесі әр қадамнан сезіледі. Жүрегім кейде өз-өзін жұбатып: «Анаға деген сағыныш-жүректегі ажырамас жіп» деп қояды. Иә, ол жіп ешқашан үзілмейді.


Анасын аңсаған өмірде ең көп еститін үн-үнсіздік. Сол үнсіздіктің ішінен кейде ана даусы естілгендей болады. Түн ортасында жел сыбдыры да бесік жырындай сезіледі. Аспандағы әр жұлдызды көргенде:Ана – алыстан жарқырап, жол көрсететін жарық”-деп өзімді жұбатамын.Балалықта еркелеу жетпесе, жүрек өзі еркелікті ойлап табады. Анадан көрмеген жылулықты өмірдің өзінен іздейді. Сосын адам өзгеге тым мейірімді болып кетеді. Өйткені ол жақсы біледі: «Мейірім-көрмеген жанға да керегі көп сезім».Анасыз ғұмыр адамды тым ерте есейтеді. Басқалардың естіген ақылын кей адам тағдырдан тыңдайды. Сонда бір нәрсеге анық көз жеткізесің:Ана-өмірдің алғашқы ұстазы ғана емес, соңғы тірегі”Ол тірек болмаса, адам өзі сүйеніш іздеуді үйренеді. Бірақ ол ізденістің түбінде анаға деген аңсау жатады.Сағыныш мені әлсіз етпейді. Керісінше, ол бойыма күш береді. Өйткені менің жүрегімде бір сөз үнемі жаңғырады:Ана артына тек адамдық қалдырады. Ал адамдық-ешқашан өлмейтін мұра”Сол мұраны сезінген сайын анамның рухы менімен бірге жүргендей.Өмір қанша қатал болса да, анаға деген махаббат-ең жұмсақ, ең нәзік күш. Адам соның арқасында сүрініп кетсе де қайта тұрады. Сағыныш жанды ауыртса да, үміт беріп тұрады.Өйткені: Анаға деген сағыныш-жанды сындыратын емес, шыңдайтын сезім”.Мен үшін ана-алыстағы мейірімнің шуағы. Көрмесем де, сеземін. Ұмытпасам да, ауырсынбаймын. Сағынамын, бірақ сол сағынышпен өмір сүруді үйрендім.


Адам кейде анасының жоқтығын өмір бойы сезінеді, бірақ бір сәтке де оны жүректен шығара алмайды. Себебі:Ана-жаннан кетсе де, жүректен кетпейтін жалғыз адам”.Осындай ғұмырмен өмір сүре отырып түсіндім: анаға деген сағыныш-бұл мұң емес, бұл-жүректің ең мөлдір сезімі. Ал мөлдір сезім ешқашан жоғалмайды.


 


Нұранова Айгүл


1курс студенті




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу