24.10.2025
  298


Автор: Назерке Батырханова

Қаңғыбас иттер: қауіп пе, дос па?

Ит адамның досы деп жатамыз,бірақ тарпа-бас салып ,өзімізге шабуыл жасауы мүмкін нәрсе.Тілсіз жануарға ешкім ештеңе дей алмайды, аяусыз қыруда пайда әкелмейді.Қанғыбас иттердің саны көбеймесе, азаяр емес.Ашыққан бұралқы иттер қоқыс аралап,ол болмаса адам мен малға шауып халық зәресін ұшыруда .Осындай жайт 2024 жылы Басшилі ауылында тіркелген.Түнгі уақытта қорасына ит шабуылдап ,қойларын жеп кеткен ,дереу құзырлы органдарға шағымданған. Бірақ "жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы"заң шығып іс толық қарастырылмаған. "2024 жылдың өзінде түскен шағымдар бойынша 1500 ит атылды. Иелері бар иттер адамды қапқан жағдайда орнатылған чип арқылы тауып алып 19660 теңге көлемінде айыппұл төленеді ,бір апта ішінде төленбесе айыппұл саны 2 есеге өседі"деп ауылдық учаскелік полицейі Айладиров Байтабын Бекмұратұлы сұхбат барысында қазіргі заңдағы талаптармен бөлісті.Сол үшінде қауіпті иті бола тұра сұрақтан жалтарып" менің итім қаппайды " деу бос сылтау.Айта кеткен жөн 2023 жылдан бастап үй жануарларына арнайы чиптер орната бастады .Әрбір жануарға чип бағасы 750 теңгені құрайды.Егерде бұл шараны иесі орындамаса жауапты органдар айыппұл салуға құқылы .


Адамдар үй жануарларына жауапсыздықпен қарауынан қаңғыбас иттер көбейіп,айналып келіп өзімізге тиісуде.Оған дәлел Талдысай ауылынан келе жатқан жүргізуші жол бойында орналасқан дәмханаға үш күшікті тастап кете берген .Бірақ иесі табылып ,заңға сәйкес айыппұл салынған. Қазірдің өзіңде дәмхана жаныңда 15 иесіз ит қоқыстармен күнелтуде.Тұрғындар сол үшінде қанғыбас иттердің көбеймеуі үшін күшік кезінде басымызға алған жауапкершіліктен қашпауымыз керек,қолға үйретілген жануарлар үшін жауапты екенімізді ұмытпайық!


Батырханова Назерке Ертайқызы 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу