25.09.2025
  132


Сөз құдіреті-халық даналығы

Қазақтың кең даласы – шежірелі тарихтың айнасы, тылсымға толы сырлы әлем. Таңғы қоңыр самалмен мал өріске беттеп, ауыл үстінде әлдекімнің: «Мал жаның, ит-құсқан аман ба?» – деген амандығы естілгенде, жүрекке бір жылылық ұялайды. Бұл сөздің өзінде ғасырлар бойғы тіршілік тынысы, өмірдің мәні жасырынғандай.
Кең жазирада тұлпардың дүбірі қалықтап, қара құлақ көлеңкедей ілесіп жүргеніндей сезіледі. Жүйрік аттың тұяғы жерді дүбірлеткен сайын қазақтың рухы асқақтап, елдің айбыны арта түседі. Қарапайым ғана ұзын құрт та бала қиялында бір тылсым бейнеге айналып, күлкі мнн үрейге себеп болады. Табиғаттың әрбір құбылысы – халық өмірінің көркем суретіндей.
«Жақсы ат жанға серік, жақсы ит малға серік» –деген мақалда да тұтас дәуірдің даналығы бар.Сонау көшпелі заманнан ақ қазақтың тыныс-тіршілігі осы иалмен байданысты . Ауыл шетіндегі «ағатай,қайынаға» деп құрметпен айтылған келін сөзі де жүрекке жақын, бауырмалдықтың белгісіндей.
Ал ауылдың сәнін кіргізген жеңгелерінің ерке қызы мен сұлу қыздарының күлкісі – көктемнің самалындай. Олардың қылығы мен әсемдігі, назды қимылы мен сұлулығы елдің көркін ашып, жастықтың балғын шағын бейнелейді.
Кейде даланың тылсым түнінде жын-жыбыр сынды беймәлім дыбыстар естіледі. Ауыл адамдары оны әңгіме қылып, сақтық пен әзілді араластыра айтады. Ал кейбір сырлы сәттерде аты жоқ деп ишара жасап терең мағынаға айналадырады.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келе қазақтың жаны – дала. Даладағы әрбір дыбыс, әрбір бейне – халықтың жүрегінен туған жыр. Қара құлақтың ұлыған үні, жын-жыбырдай ызың, ұзын құрттай ирелеңдегені табиғат суреттері – бәрі де халықтың рухани әлемін толықтырып, ұрпақ санасына сәуле болып құйыла береді.


 


Сағынбаева Ақбота 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу