Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.08.2025
311
Бақыт
Қатігез қатқыл дүниеде
Пана болар үлкен кеме ме?
Шексіз айдында қалықтап
Бақытты болғың келе ме?!
Ендеше маған құлақ түр
Ғайбаттан сақтан жырақ жүр,
Әңгіме,өсек,жалғаннан
Мың қадам алыс тұрақ тұр.
Екінші адал болғайсың,
Шындықтан жаман болмайсың,
Кеудеңді төмен түсіртсе,
Қаймықпа,тік тұр,бұл қайссың?
Ерінбе,ер жет,еңбектен
Еріншек өмірі ермекте
Ешқашан артқа бұрылма,
Тек алға қарай еңбекте!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇