Өлеңдер ✍️

  17.07.2025
  288


Автор: Зейнолла Әкімжанов

ЕРЛАНҒА

 



Дүние әрі-сәрі,
Ұстамы бір,
Шегіне пенде жетпес қысқа ғұмыр.
Құлындай бұлаң қаққан қалқам едің
Ажалың – бастан бақтың ұшқаны бұл.



Сен барда көңілімді жасытпадым,
Едің ғой қарашығым, қасық қаным.
Ботам-ау ата-анаңды зар илетіп,
Мұның не – қара жерге асыққаның?!



Күй кештім жүректі қақ айырғандай,
(Ойлаушы ем алда аламан тойым бардай).
Қайран-ай! Қапа болып зар иледім,
Төбемнен аяқ асты жай ұрғандай!



Ғұмырды бір қара күш тұсады ма,
Сеніп пе ем бастан бақтың ұшарына?!
Қара жер қойнын ашып тартып алды –
Енсін деп бабалардың құшағына.



Әкең Құнанбай.
6 желтоқсан 2005 жыл.
Қызылжар.



ЗЕЙНОЛЛА ӘКІМЖАНОВ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу