Өлеңдер ✍️
Уақыт
Құл,
Уақытың келген жоқ уақыттың кетіп қалд
Санаңда дым болмаса ең болмаса мынаны түртіп қал
Керек болып қалады егерде сен керек етсең
Алжып кетесің ертең бүгін кері кетсең
Уақыт уақытты жұтуда қара
Күндерім үркіп, құс секілді әне ұшып барады
Өте жылдам өтуде жылдар, өте асығыс
Біртіндеп жердің астына қадалып жатыр басымыз
Бәрі болады өз уақытымен деген жалған
Өз-өзін жұбату үшін бір сорлы шығарып алған, бұл сөзді
Уақытыңды күтіп жүргенде уақыт өлтіріп тастайд
Ертең өкінед сондай Топастар уақыт тоқтамад
Күндер оқ секілді, өмір Автомат
Әркім әркімді өлтірд, өлтіруде,өлтіре беред
Кезегі келгенде өкіндіріп өкіре беред уақыт
Уақыт өзгертті бәрін
Алысты жақындатып, жақынды алыстаты
Дейді уақыт жыры қадірі
Жо, өзімді алдай алмайм сондықтан мұңға баттым
Адасқан адамдардан арасынан кеттім қашып
Мен келіп тұрмын есігіңді ашшы
Ол жақ қараңғы соқырлар мекені
Қараңғылықтан жарыққа шығаршы өтінемін
Естисің мені білем естісең жауап берші
Мен пендемін аманаттарыңа жауапкер
Сайтанның сөзі өтуде пендеге мына жалғанда
Мында тура жолмен қисық жолды айыр бастап алғанда
Кешірші, әлсіздік басып кетті
Ол жақта шіріп надандықтың исі сасып кетті
Кешірші, сені ұмытып шектен асып кетті
Сайтан адам баласының басын тепті
Ақыл кетті жастан, ақыл кетті кәріден
Олар сенен емес өзіңнің тәрбиең
Жоғалды ар ұмыту сенің барыңды
Кешірші бізді жалынам....
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇