Өлеңдер ✍️

  15.07.2025
  45


Автор: QARAKESEK

Өзгер

 



Жасалмады әлі бір бітім
Көңіл көрмеді көп күтім
Жабыққанда жұбатпайды ештеңе
Жұбатады көк түтін



(Түннің ішінде таудың үстінде баяғыдай)



Ұмытқым келді естелігін ескінің
Аштым аузын ақтың кеш құрым
Үміттеніп жақсыларды әкелер деп
Жап-жаңа 365 күнім
Түннің ішінде таудың үстінде баяғыда қателестім
Одан кейін Құдай уақыт берді ойлануға (Ойлануға)
Ойландым, аспанның ар жағынан ой алдым
Сенде жүрегіңді ая
Қума артынан бос қиялдың (қиялдың)



Қ-сы:
 Менің тілімді ал көмек керек жүрегіңе
 Менің дінімді ал жарық беред түнегіңе.
 Рұқсат ет күз көңіліңді көктем қылуға
 Жүрегіңе гүл егуге, гүл егуге



Қолымда барда алтын уақытым,
Шығамын жолға алыс шақырым.
Бәрін бастағым келед жаңа параққа,
Сол үшін көзіңді маған қаратпа.
Өткен миымнан кетер емес,
Көз алдымда бейнең елес.
Өзіңді кінәләма, сенің кінәң емес,
Бұл өмір сондай, ащы қатігез.
Қайтесің көнеміз амал жоқ.
Қайда болсаңда әйтеуір аман бол.
Сұрайм құдайдан басыңа амандық.
Менде тілемейм саған жаман жол.
Тағдырыңды бұр енді мендік жолдан
Өткен ұмытылсын түстей болған
Киноңа кейіпкер, басқаны ізде
Сәттілік тілеймін сізге



Қ-сы:
 Менің тілімді ал көмек керек жүрегіңе
 Менің дінімді ал жарық беред түнегіңе.
 Рұқсат ет күз көңіліңді көктем қылуға
 Жүрегіңе гүл егуге, гүл егуге




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу