Шығармалар ✍️
Бес-ақ минут…
Бес-ақ минут. Бұл уақыт бізге қысқа болып естіледі. Өміріміздің әр уақыты бес минуттардан құралады. Біз көп жағдайда “уақытым жоқ,” деп айтып жатамыз, бірақ кейде осы аз көрінген бес минут өміріңізді өзгерте алады.
Бес минутта жақын адамыңа қоңырау шалып, бұрынғы реніштерді кешіруге болады.
Бес минут – кітап бетін ашып, жаңа ақпарат алуға жетерлік уақыт. Бес минут – пайдалы жаттығу жасауға, ұзақ кейінге қалдырып жүрген ұсақ істерді тындыруға, шет тілінен жаңа сөз жаттауға, күнделік жазып, сабырға келуге толықтай жететін уақыт.
“Тамшы тама берсе, тасты жарады” дегенді көп естіп жатамыз. Тамшылар – осы күнделікті бес минут жасалған іс болса, күнделікті бес минутты бір іске жұмсап, бұрынғыдан әлдеқайда өзіңді дамытып алуға болады.
Джон Кеннеди 5 минутқа созылған тарихи сөзінде Айға адам қондыру туралы идеясын жария етіп, әлемдік жаңалық енгізді. Нәтижесінде 1969 жылы адамзат тарихында алғаш рет адам Айға қонды. Бес минут әлемге өзгеріс әкелгенде, неге адам өміріне өзгеріс әкеле алмайды деп ойлау – қате пікір.
Күніне бес минут жаттығу жасасаң – бір айда жарты сағаттан аса жаттығу болады.
Күніне бес минут оқысаң – бір жылда жүздеген бет кітап оқуға болады. Бір істі бастамас бұрын бес минут ойланып алсаң, “тек бес минут жетіспейді” деп миы деменде болады. Адам шынайы ниетімен, жүйелі іспен қабылдап, іске кірісіп кетсе алады. Қанша уақыт жұмсағаныңнан бұрын, қаншалықты тұрақты жасағаның маңызды. Бес минут болсын…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇