Эсселер ✍️

  17.06.2025
  113


Қоғамды сөз арқылы емдеймін

Оразғали Шұғыла, 11-сынып оқушысы,Әл-Фараби атындағы BINOM school мектеп-лицейі.


Журналист-шындық жаршысы.Мен үшін журналист сөзі халықтың жанашыры,билік пен Қоғам арасындағы алтын көпір деген сөздермен пара пар.Менің осындай талап деңгейі жоғары мамандықты таңдау себебім жай ғана қызығушылық емес бала күннен бергі арманым.Балалық шақтан қазіргі күнге дейін теледидардан көрген "Жүргізушілерге"қарап көзім тоймайтын.Олардың экран алдында өзін сенімді ұстауы,сөз таптаулары,ерекше мәдениеттілігі,мінсіз келбеттері әрдайым тамсандыратын.Басқасы беймәлім құрдастарым болашаққа аяқ басатын шақта кім боларын білмей бас қатырып жүрсе мен өз шешімімді 10 жасымда қабылдап қойған едім.Жоғарғы сыныпқа көшкен кезеңде қазақ тілі мен әдебиет сабақтарына деген қызығушылығым артты.5-сыныптан бастап Абай-Шәкерім,Қадір Мырза Әли,Мағжан Жұмабаев секілді ақындарымыздың өлеңдерін мәнерлеп оқу сайыстырына қатысып жүлделі орындарға ие болдым.Сонымен қатар мектебімдегі концерттік шаралардың жүргізушісі болып,мектеп сахынасында өзіңнің алғашқы тәжірибелерімді алдым.Болашақ мамандығымды тереңірек зерттеу мақсатында Jas Space ораторлық шеберлік курсына қатысып білікті маман ҚР жазушылар одағының мүшесінің талантты шәкірті болғанмын.
Менің таңдауым-қоғамдағы әйелдер мен балалардың құқығын заңмен қатаң етіп қорғауды көздейтін,олардың мүдделерін қорғауды талап ететін,әділеттілікті ту еткен журналист болу.Бұл тек ішкі емес,дүниежүзілік деңгейдегі ушыққан мәселе.Ол дүниеге көз жұмуға болмайды.Мәселені дер кезінде шешудің бір жолы-қоғамға үндеу жасау.Оларға бұл проблеманың ел болашағына зардабын түсіндіру.
Менің мақсатым - журналист болу арқылы қоғам назарын осы мәселеге аудару.Қоғам"Әйел адамының"қашанда құрмет пен қамқорлыққа лайық екенін біліуі тиіс.
Ең бастысы-әрбір әйел адам өз құқығын қорғай алуы керек.
Ал, сәби-ол қоғамның ең әлсіз,ең кішкентай әрі ең қымбат қазынасы.Бала құқығының қорғалуы-тек ата-ана міндеті емес,ол бүтіндей бір елдің міндеті.Әрбір нәресте өмір сүруге,мейірімге бөленуге,бақытты болуға,қауіпсіз ортада өмір сүруге толығымен құқылы.Бала құқығын бұзу-үлкен қылмыс!
Болашақ тілші ретінде еліміздегі осындай өзекті мәселені айту маған парыз...
Мен үшін өз шығармашылығымды шыңдау маңызды дүние.Өзімнің әлеуметтік желідегі парақшаларымда өз ойларымды ашық жазып,жаңашыл идеяларды ұсынған ұнайды.Әлеуметтік желі мен үшін еркін шығармашылық алаң десек қате болмас.
Болашағымды осы мамандықпен ұштастырып отырғандықтан,мен бұл салаға тек бизнес көзі ретінде қарамаймын.Маған бұл мамандықтағы бейтараптық,қызу талқы,ізденімпаздық ұнайды.
Мен болашақта осы жолмен жүру арқылы қоғамды өзгертуді мақсатым деп есептеймін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу