Шығармалар ✍️
Уақыт — өмірдің алтын кілті
«Адам баласының байлығы алтын емес — уақыт. Ол көзге көрінбейді, бірақ қолыңнан сусып өтіп жатқан өзен секілді… Бір сәт өтсе — қайта оралмайды, бір минут жоғалса — қайта таппайсың.»
Адамның өміріндегі ең қымбат қазына не деп ойлайсыз? Ақша ма? Байлық па? Жоқ. Бұл — уақыт. Уақыт — бізге Алладан берілген ең үлкен аманат. Оның қадірін жас күнімізде түсінбеуіміз мүмкін, алайда уақыт өте келе, әрбір сәттің, әрбір минуттың бағасын жүрекпен сезіне бастаймыз.
Қазіргі замандағы қоғам адамды үнемі асығыстыққа итермелейді. «Уақытым жоқ», «Кейін жасаймын», «Ертең бастаймын» деген сылтаулар — адамның ең үлкен жауы. Бірақ шындық біреу: уақыт күтіп тұрмайды. Ол сенің арманыңды да, жоспарыңды да күтпейді. Сен әрекет етсең ғана ол сенімен бірге жүреді, ал әйтпесе — артта қаласың.
Көп адам табысқа жеткендердің ерекше қабілеті немесе бақытты жұлдызы бар деп ойлайды. Бірақ олардан уақытты сұрасаңыз — дәл сізбен бірдей 24 сағат бар. Айырмашылық тек оны қалай пайдалана білуінде.
Әрбір күн — жаңа мүмкіндік. Ал ол мүмкіндікті жүзеге асыратын — сіздің шешіміңіз, сіздің табандылығыңыз.
Уақыт бізді тәрбиелейді. Кеше жасаған қатеңді бүгін түсінесің. Бүгін еккен дәніңді ертең көресің. Егер сен бүгін кітап оқысаң — ертең ақылды боласың. Егер бүгін денсаулығыңа мән берсең — ертең ауруханаға бармайсың.
Өмір — бұл жәй ғана күндердің тізбегі емес. Ол — сенің жасаған таңдауларыңның көрінісі. Сондықтан әрбір таңды «осы күн — менің өмірімді өзгертетін күн» деп баста. Уақытыңды қалай өткізсең, өмірің де солай өтеді.
Уақыттың қадірін қалай түсінеміз?
- Жоспар құрыңыз. Күніңізді алдын ала жоспарласаңыз, уақытыңызды ысырап етпейсіз.
- Маңызды істерге басымдық беріңіз. Әлеуметтік желіде бос уақытыңызды өткізгенше, білімге, дамытуға жұмсаңыз.
- Өз уақытыңызды бағалаңыз — басқалар да бағалай бастайды.
- Әр сәтке шүкір етіңіз. Қиындықтар да, қуаныштар да — өмірдің бір бөлігі.
Уақыт — өмірдің алтын кілті. Ол арқылы біз армандарымыздың есігін аша аламыз. Бірақ бұл кілт бір рет ғана беріледі. Оны жоғалтпай, дұрыс пайдалану — өз қолымызда. Бүгін не істеп жатырсыз? Өміріңізге қандай үлес қосып жатырсыз? Ертеңіңіз жарқын болсын десеңіз — бүгіннен бастаңыз.
Уақыт — сенің жауың емес, серігің. Ол саған мүмкіндік береді, бірақ соны пайдалану — тек сенің қолыңда.
Алматы облысы.
Қарасай ауданы,
Қарасай батыр ОМ түлегі
Қуанышбай Диляра Байрамқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇