Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2025
183
Мизам-ай!
Шабыт болып жетіп келген мизам-ай,
Ой іздеген жүрегімді қинамай
Түнде суық, шөп басында шық тұрып,
Күн шыққанда бәрін жырға қиған-ай.
Күздің басы адамзатқа шипажай,
Сары дала жаныңа ем жиған-ай.
Қарсы алдыңнан еңсеп тұрған самал жел,
Тұра алмайды маңдайыңнан сипамай.
Түнде жаңбыр, күндіз ашық байқаймын,
"Қай мезгіл?" деп, кейде басты шайқаймын.
Түсіп жатса жапырақтар үзіліп,
"Парағым!" деп әрқайсысын аяймын.
Күн суытып, сауығымды тиған-ай,
Келер жазға жете алам ба, қирамай?..
Кейде жылап, кейде күле салатын,
Ауа райы құбылмалы мизам-ай...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇