Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2025
141
Солтүстіктің ханзадасы
Жер патшасы - Солтүстік Қазақстан!
Кәкімбек Салықов
Қызмет етіп өткенімен әкім боп,
Өмір сүрді елге сыйлы ақын боп.
Туған елін жер патшасы қылған ұл
Солтүстіктің ханзадасы Кәкімбек.
Әдебиетте бола білген нар ақын,
Қаламының құдіреті бар ақын.
Айыртауда із қалдырған тұлғаның
Айдарына жыр қондырған Шал ақын.
Ұлылықты таба білсең бойынан,
Қасиет қой келген ата сойынан.
Кең даланың омырауын емген ұл,
Кен қазатын ақын болды ойынан.
Кісілікті жоғалтпаған алайда,
Кішілікті танытатын қалайда.
Таңдайынан жезкиік жыр төгілсе,
Маңдайынан ай көрінген талайға.
Солтүстіктің ханзадасы Кәкімбек
Салықовты ел сүйеді жақын деп.
Лауазымды тұлға болып өткенмен,
Қараша жұрт еске алады ақын деп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇