Өлеңдер ✍️
Сана
(Иван Шухов атындағы Петропавл қалалық орталық кітапханасының қабырғасында ашылған "Сана" әдеби-музыкалық клубының ұраны)
Әдебиет пен мәдениетті дамытқан,
Руханияттың қасиетін танытқан.
Кімде кімнің ояу болса санасы,
Сол бойына бар жақсыны дарытқан.
Кітаптардан табылған соң жаңасы,
Адамзаттың кеңейген ой-санасы.
Қалыптасып шықпайды ма ортадан,
Болашақтың тұлғасы мен данасы.
Елдің қанша қалса-дағы сынына,
Ұлы жүрек жетер биік шыңына.
Сырлы сұхбат, сазды әуен, отты жыр,
Тең келеді тектіліктің құнына
Халық қана көкірегін ашпаған,
Жан-тәніне білім нұрын шашпаған.
Елу жылға артта қалып, құлдырап,
Келешекке кемел қадам баспаған.
Құндылығын жоғалтпаса жаңамыз,
Өркениетті елге әр кез панамыз.
Міржақыпты шырылдатқан "Оян!" деп,
Енді мүлде ұйықтамасын санамыз.
Ақын болса, меруерт сөздер әлемі,
Алты Алашқа ой тастайды кәделі.
Уақыт бөліп зиялылар жиналса,
Әдеби-сазды клуб соның дәлелі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇