Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2025
286
Таңғы тілек
Таңымызға шүкір деп әр ататын,
Құт көрейік Құдайдың шарапатын.
Киесінен айрылмай бүкіл халық,
Асқақтатсын тарихпен ғажап атын.
Ұзақ көріп арайлы шағымызды,
Сындырмасын сынақпен сағымызды.
Салиқалы ұрпақтар қалып бізден,
Тайдырмасын баянды бағымызды.
Әрқашанда бүтін боп бауырымыз,
Таусылмасын өмірлік сауығымыз.
Ажарланып қаламыз күннен күнге,
Заманға сай гүлденсін ауылымыз
Қанатты сөз қалдырып данамыз да,
Мұң болмасын әке мен анамызда.
Өз теңіне қосылып елдің бәрі,
Меруерт муза жатталсын санамызда
Тәуелсіздік жасасын, тірегіміз,
Қазақстаным деп соқсын жүрегіміз.
Қабыл болып оқыған әрбір дұға,
Орындалсын әр айтқан тілегіміз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇