Өлеңдер ✍️
Архивтің құдіреті
Қарт жылдардың тарих көші тоқтаған,
Құжаттарды қарашықтай сақтаған.
Архив еді мұраларды жоғалтпай,
Ғасырлардан ғасырларға аттаған!
Тарихымды алып келер жаныма,
Деректердің қуанамыз барына.
Өткен уақыт көміп кетпей шаңына,
Құнды құжат сыйып кеткен қорына!
Газет-журнал беттеріне жарқырап
Шықсақ-тағы ұлы жолдан қарқын ап.
Еңбегіміз пайдасына жараса,
Ел сарғайған беттен алар талқылап.
Сарғайса да парақтарда атымыз,
Мұрағат боп сақталады затымыз.
Қалам ұстап жүргенімнен не пайда,
Сақталмаса архивте бір хатымыз.
Құнды қордың кені емес пе қазылған,
Сыр беретін қыс, көктем, күз, жазымнан.
Ұлылардың ғұмыр кешкен жылдары,
Тек архивте сақтаулы тұр, жазылған.
Деректерге толған еді сөресі,
Кезеңдерден биіктейді белесі!
Болашаққа жүгін алып барады,
Архив деген тарихымның кемесі!
Шындық көрем бізге жеткен хаттардан,
Бір ғасырлық тарихына мақтанғам!
Бүкіл ғалам бас иетін архивтің
Құдіреті құжатында сақталған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇