Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2025
240
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕКЕНІ – АЗАТТЫҒЫМ!
Тәуелсіздік – бітпейтін жыр-дастаным,
Жеріме құт дарытқан нұрлы аспаным.
Бекітіліп шекарам шегенделген,
Осы емес пе елдікпен қыр асқаным.
Ұйқым – тыныш, дін-аман халқымыз да,
Ұлықталып жүр дәстүр-салтымыз да.
Алдан жарқын болашақ бағдар беріп,
Жаман күндер қалды ғой артымызда.
Бейбітшілік заманның өкіліміз,
Түбегейлі өзгерген өміріміз.
Тектілік пен үндестік қатар жүріп,
Ізденіске ауады көңіліміз.
Қимастықпен өтеді ғажап күнім,
Ұлттың жырын айтқан соң азат үнім.
Жалтақтаудың білмейтін не екенін,
Қазақстанның мекені – Азаттығым!
Ер бабамның арқасы – күлетінім,
Өмірімді өзімше сүретінім.
Азаттықтан айрылсам, қапасызда,
Кімге керек жер басып жүретінім!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇