Өлеңдер ✍️

  23.04.2025
  86


Автор: Жәнібек Салқынбек

"Айналам хайуанға"

 



Ақиқаттың белгілі сыры маған,
Қасқыр қасқыр атанбас ұлымаған.
Еңбегі жоқ пендені елеп жатса
Көзімді жұмып алам.



Дариядан тамшы да бере алмаған,
Ол оңбаған немесе мен оңбаған.
Ақылы жоқ данышпан ақыл айтса
Бірсәтке керең болам.



Тоқтамайды бұл жалған тоқтамаған,
Жана ма жанарында от болмаған.
Табансыздар табаннан жалап жатса
Ішімнен боқтап алам.



Қыраннан қарғаны оңай айырам ба,
Дауасы жоқ дертімнен айығам ба?!
Надандар адаммын деп айқайласа
Айналам хайуанға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу