Өлеңдер ✍️

  21.04.2025
  67


Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы

Жұмыр жердің жәннаты - Жетісайым!

 


 


О, туған жер, топырағың-киелім,


Жайқалған ақ мақтаңды сүйемін.


Алқабыңда түріп тастап білегін,


Шабық шапқан көп баланың бірі едім.


 


О, туған жер, саған басты иемін,


Сенен ғана қуат алар жүрегім.


Ала жаздай  аптабыңа күйгенмін.


Алабыңда мақта теріп жүргенмін,


 


О,туған жер,сенсің алтын бесігім,


Диқандардың арттырасың несібін.


Пәлегінен үзіп қарбыз жегенмін,


Таңдаймда қалды дәмі  жидеңнің,


 


О,туған жер,сенде өстім,шыңдалдым,


Куәсі сен  баға жетпес жылдардың.


Ыстық маған әрбір төбең,әр сайың,


Жұмыр жердің жәннаты - Жетісайым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу