Өлеңдер ✍️

  21.04.2025
  191


Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы

    Жақсылық жасағым келеді

Жақсылық жасағым келеді әр жанға,
Жай жүріп жария етпей-ақ жалғанға.
Мұңданамын мұқтажды көрсем мұңы бар,
Жайымды менің мазасыз мынау кім ұғар?

Жақсылық жасағым келеді әр күні,
Жабырқау жанарлардың бар мұңы.
Жақсылықтың бастауы-күлім көз,
Жылы қабақ,бауырмалдық, жылы сөз.

Жақсылық жасағым келеді бәріне,
Жақсылықсыз өмірімнің мәні не?
Жақсылықтан табылса әр қадамым,
Сенемін мен істің алға басарын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу