Эсселер ✍️

  16.04.2025
  187


Жасанды интеллект өмірімізге жақсы нәтиже бере ме? Әлде кері әсерін бере ме?

  Жасанды интеллект - адам орнына немесе адам істей алмайтын жұмыстарды жасай алмайтын жасанды жүйе. Ол ХХ ғасырда пайда бола бастаған. Оны бір адам емес, бірнеше адамның, әрі заман талабына сай жасалып отырған. Заманның дамығанын осы жасанды интеллекттен байқауға болады. Ол қазір адамның ажырамас бөлігіне айналып бара жатыр. 


   Әр заттың пайдалы жағы да болады, зиянды жағы да болады демекші, жасанды интеллекттің де пайдалы және зиянды жағы да бар. Пайдасына тоқталып кетсек, адамға үлкен ақпаратты реттеп, пайдаланушы сұрағандай даярлап беруі. Аурухана, мектеп сияқты орындарға кезексіз жазылып немесе тіркеле аласыз. Қажетті дерегіңізді кітаптар ақтарып іздемей, тез тауып алу мүмкіндігі бар. Бұның барлығы әрине жақсы, бірақ оның зиянына да ұмытпайық. Зиянына адамның оғар тәуелділігін арттырадв, адамдардың жұмысынан айыруы, ізденісті қарап, адаммен қаншалықты орнатқанын байқауға болады. Қолданыстағы жасанды интеллект құрылғы-қосымшалары: kundelik.kz, damumed, gat gpt, Kaspi.kz, Microsoft, google. Біз аса мән бермейтін құрылғылар, бірақ адам өмірінде үлкен рөл атқарушылар. Ата-бабаларымыз «Таяқтың екі ұшы болады» - дегендей, әр заттың пайдасы мен зияны қатар жүрген өмірде біз оны дұрыс пайдалана білуіміз керек.
   Қорытындылай келе, жасанды интеллект адамғар пайдалы да, зиянды да. Тек оны дұрыс қолдана білу керек, барлығы өзімізге байланысты. Дамыған, өркендеген әрине керемет, тек оны зиянын қолдап, дамығанымыздың шырқау шегіне жетпесек болды. Жасанды интеллект қаншалықты дамып бара жатса да, өз күшімізбен ізденіп білім алғандай болмайды. Ізденісіміз бен білімімізді дайын өнімге айырбастамайық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу