Баталар ✍️
Беташар
—Келін боп келмек қиын іс
Жаңа өспірім балаға.
Алғыспен жолың ашылар
Ізет қылсаң иіліп,
Атаң менен анаңа.
Шамаң келсе ізет қыл,
Өзің менен еріңнен,
Жастары үлкен ағаға!
Үлкен адам көзінше
Қабаттасып отырма
Кейін отыр панаға.
Ләжі болса шығып кет,
Құлағыңды салып тыңдай бер,
Сөзім бар айтар жана да.
Келін боп келдің бұл елге,
Бұрынғыдай қарама,
Толықсыған сәніңе.
Күле сөйлеп жауап бер
Құдай қосқан еріңе.
Еріңдей асыл адам жоқ,
Сүйгеніңнің артықша
Қарасаң ата тегіне.
Үлкен емес, кіші емес,
Қосылыпсың теңіңе.
Даладан ерің келгенде,
Күлімсіреп есік аш.
Үйіңнің тұрмай төрінде.
Ертеңмен тұрса, киіндір,
Киімнің бәрін әперіп,
Белбауын байлап беліне.
Бір нәрсеге жұмсарда,
Алыстан «ей» дегізбей,
Жақындап отыр қасына.
Бұл айтқанды бекер деп,
Қарсылық қылып сөйлеме,
Келмесе де ебіне.
«Ер—әйелдің пірі» деп,
Пәтуалы кітаптың
Жазылыпты бәріне.
Піріне қарсы сөйлесе,
Қатты күнә болады
Шариғаттың жөніне.
Шариғатты қоспасам,
Сөздің сәні келмейді,
Қанша айтсам да ебіне.
Ұлдан дағы қыз жақсы,
Жақсылығын айтайын,
Пайғамбары Құданың
Қызына кеткен дұғасы,
Қызынан қалған зурахат.
Қыз болғанмен көп емес,
Ұл баладан күнәсі.
Осылай депті кітапта,
Молдалардан сұрашы.
Өз елінде тұрмақ жоқ,
Ұл боп тумай әуелде
Қыз болған соң туасы.
Алғаныңмен қоса ағар,
Мекенің осы турасы.
Елтір тонның жағасы,
Ауылымыздың ағасы.
Самаурыны қайнаған,
Мейман десе жайнаған...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇