19.03.2025
  258


Автор: Ынтымақ күні

Ынтымақ – елдің тірегі

Ынтымақ – әрбір халықтың ең басты байлығы. Егер ел ішінде татулық пен бірлік болмаса, ол елдің дамуы қиынға соғады. Сондықтан да халқымыз ежелден «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деп бекер айтпаған.


Қазақстан – сан түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату өмір сүріп жатқан мемлекет. Біз қазақ, орыс, ұйғыр, татар, корей және басқа да көптеген ұлттармен бірге бір үйдің баласындай өмір сүрудеміз. Бұл біздің ең үлкен жетістігіміз. Ынтымақ пен бірлік сақталған жерде бейбітшілік пен дамудың болатыны сөзсіз.


Осындай достық пен сыйластықтың арқасында еліміз өсіп-өркендеуде. Біз әрқашан бір-бірімізге қолдау көрсетіп, бірлігімізді нығайта беруіміз керек. Себебі ынтымақ – елдің тірегі, келешегіміздің кепілі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу