Өлеңдер ✍️
БАТЫР ҚЫЗДАР
Бұл қазақта көп болған батыр қыздар,
Асып туған дарыны ақын қыздар.
Бір құмалақ шірітер қарын майды,
Жаман іске қазір бар жақын қыздар.
Жаман бол деп ата- ана айта қоймас,
Өзім білем деп жүрген ақылсыздар.
Əлия, Мəншүгім бар асып туған,
Атамекен қорғауға асық болған.
Ел басына күн туған заманында,
Қару алып жауына қарсы тұрған.
Елін қорғар көп болсын батыр қыздар,
Құралады теңіз де тамшылардан.
Бопай қыз қарындасы Кенесары,
Қорамсақтан атпаққа жебе алды.
Қиын қыстау заманда атқа мініп,
Талайларды бас бұзар жөнге салды.
Қыз да болса кем түспей ер адамнан,
Қарсы алатын қасқайып келген жауды.
Қабанбайдың жан жары Гауһар қыз,
Батыр болған заманда аты аңыз.
Жалғыз шауып жауына қол бастаған,
Ер жүрек, қазақ қызы батыр нағыз.
Сол қыздардың ұрпағы бұл заманда,
Көлеңкеден қорықып шошынамыз.
Еркін Оралбайұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇