Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2025
179
ҒАЛАМТОР
Болған заман тәуелді ғаламторға,
Отырасың шырмалып санаң торға.
Желі үзілсе қолдағы телефонның,
Алаң болып жүрерсің əрең, зорға.
Ғаламтордан табасың қажетіңді,
Қазір боп тұр барлығы қолжетімді.
Селфи жасап əр жерде əуре болып,
Телефонға саласың келбеттіңді.
Жаңалық та, спорт та барлығы бар,
Бұл телефон досыңдай жанды ұғар.
Несиеге баласы айфон алып,
Ата-ананы төлетіп жарлы қылар.
Адамдарға ғаламтор сынақ болдың,
Телефонға досыңдай сыр ақтардың.
Ертек айтар бұрынның ата-əжесі,
Қымбат көрер баладан смартфонын.
Сонша неге демегін алаң болдың,
Бізден аяп желіні, сараң болдың.
Отбасыңа бір мезгіл көңіл бөліп,
Жұмыс істе, бос жүрме, адам болғын.
Ақтарам деп күн- түні телефонды,
Құлы болып кетпейік ғаламтордың.
Еркін Оралбайұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇