Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2025
281
УАҚЫТ
Өтіп жатыр зырылдап уақыт,
Өзенінде өмірдің қалқып.
Байқамассың уақыт өткенін,
Бақытты өмір сүргенде шалқып.
Таңың атса, кешке күн батып,
Отырарсың өзіңді уатып.
Уақытпенен күн өтер зырлап,
Кәрілік кеп төзімді қат қып.
Кейде күтсең керекті жатып,
Уақыт қалар жылжымай қатып.
Азайса көрер күн, жас келіп,
Ала алмассың уақытты сатып.
Байқалмай тез өмірің өтіп,
Оралмасқа жастық шақ кетіп.
Өкінгенмен қайтара алмассың,
Келген кезде ажалың жетіп.
Еркін Оралбайұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇